RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Саясат

“2029 жылы үшінші Президент болады“: депутаттар Мемлекет басшысының өкілет мерзіміне қатысты пікір білдірді

✍️ Әбуғали Ордабай📅 4 Ақпан 2026👁 168 қаралым
“2029 жылы үшінші Президент болады“: депутаттар Мемлекет басшысының өкілет мерзіміне қатысты пікір білдірді

Конституциялық комиссия құрамындағы Мәжіліс депутаттары Президенттің өкілет мерзіміне қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналистер Мәжіліс дәлізінде: "Егер қазақстандықтар жаңа Конституцияны қолдаса, Президенттің мерзімі қайта саналуы керек деп ойлайсыз ба? Өйткені бұл – тұжырымдамалық тұрғыда жаңа құжат қой", – деп сұрады.

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым жаңа Конституция қабылданған күннің өзінде Президенттің мерзімін қайта санаудың қажеті жоқ екенін айтты.

"Конституцияда анық жазылған: Президент бір рет, 7 жылға сайланады. Тіпті қайта саналса да, нақты бір қызметтегі бір адам туралы айтып отырмыз. Бұл тарихты қайта жаза алмаймыз, өмірімізден өткен 5 жылды алып тастай алмаймыз, сол сайлауларды да жоққа шығара алмаймыз. Сондықтан Президент билікті жан-тәнімен ұстап қалуға ұмтылып отырған адам емес деп ойлаймын. Ол мемлекет туралы, елдің толыққанды дамуы туралы, жаңа саяси дәстүр мен жаңа саяси мәдениет туралы ойлайды. Сол себепті 2029 жылы үшінші Президент болады, ал одан кейін 7 жылдан соң, 2036 жылы төртінші Президент болады және ары қарай жалғаса береді", – деді Айдос Сарым.

Ал оның әріптесі, Бақытжан Базарбек бұл мәселе талқыланып жатқанын айтты.

"Әзірге нақты айта алмаймын (мерзім қайта санала ма, жоқ па – еск.). Конституцияда Президент қызметті тек бір рет атқара алады деп нақты көрсетілген. Біз әлі соңғы редакциясын көрген жоқпыз. Бірақ қазіргі Конституция бойынша Президент өз қызметін бір рет атқаратынын анық білеміз. Қазір Конституция талқыланып жатыр, сондықтан алдын ала болжам айта алмаймын. Өкінішке қарай, мен тек Конституцияда жазылғанды ғана айта аламын", – деді Базарбек.

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров та 7 жылдық бір мерзім өзгермейді деген ойды қайталады.

"Жоқ, мен олай (мерзім қайтадан басталуы керек деп – ред.) есептемеймін. Конституцияда бір саяси тұлға 7 жылға бір-ақ мерзімге сайланады деп анық жазылған. Бұл өзгермейді", – деді Сайыров.

Депутат Снежанна Имашева қазіргі президенттік мерзім 2029 жылы аяқталатынын еске салды.

"Мемлекет басшысының мерзімі 2029 жылға дейін. "Қайта саналу" туралы әңгіме жоқ. Президент7 жылдық мерзімде отырады, ол бұл туралы бірнеше рет ашық айтып жүр. Конституцияны оқыңыздар, онда бұл туралы ештеңе жоқ", – деді Имашева.

Ақпарат: Tengrinews.kz

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137