RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Мәдениет

Әдебиеттің биылғы «Айбоздары»

✍️ Әбуғали Ордабай📅 5 Ақпан 2026👁 55 қаралым
Әдебиеттің биылғы «Айбоздары»

Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында 2025 жылғы «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Іс-шараға ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов қатысты.

Дәстүрлі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына 7 номинация бойынша 180-ге жуық өтінім келіп түскен. Соның ішінде әділқазылардың көңілінен шығып, топ жарғандары: «Үздік поэзия» – Хамит Есаманның «Айша бибі» поэмасына, «Үздік проза» – Дәурен Қуаттың «Бруклин көпіріндегі кездесу» туындысына, «Үздік драматургия» – Әділбек Ыбырайымұлының «Кенесары хан» еңбегіне, «Үздік әдеби аударма» – Әсем Ережеқызының «Күн қармаған бала» аудармасына, «Үздік балалар әдебиеті» – Қанат Әбілқайырдың «Алтын бала» шығармасына, «Үздік әдеби сын» – Амангелді Кеңшілікұлының «Мұқағали мен Енхе. Ақын мен адамның драмасы» зерттеу мақаласына, ал «Үздік комикс» жанры бойынша Ильдар Сансызбайұлының «Табу. Жоғалған үміттің ізі» атты туындысына берілді. Марапаттау рәсімінде сөйлеген Аида Балаева «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығы қазақ әдебиетіндегі жаңа есімдерді танытуға, шығармашылық еркіндікті қолдауға және сөз өнерінің қоғамдық маңызын арттыруға бағытталған маңызды жоба екенін атап өтті.

Ақпарат: astana-akshamy.kz

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137