RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Саясат

Анас Баққожаев: Аға буынның құндылықтарды сақтаудағы маңызды рөлін мойындау керек

✍️ Жәнібек Амангелді📅 7 Ақпан 2026👁 99 қаралым
Анас Баққожаев: Аға буынның құндылықтарды сақтаудағы маңызды рөлін мойындау керек

Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» партиясы фракциясының мүшесі Анас Баққожаев желідегі парақшасында талқыланып жатқан Конституция жобасына қатысты бір ойын көпшілікке ұсынды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Депутат Конституция жобасының талқылауы ашық өтіп жатқаны қуантататын жеткізді. Ол 130 адам бас қосқан жиында дайындалған материал сапалы болады деген сенімін білдірді.

«Менің де бір сондай ойым бар. Соңғы кездері жасы үлкен адамды сыйлау дегенді ұмытып бара жатқандаймыз. Тым демократияшыл жастар ата-әжелері тұрмақ ата-аналарына сөз қайтарып жатқанын көргенде жағаңды ұстайсың. Сонымен қатар қайтыс болып кеткен адамдардың, әсіресе Қазақстанға еңбегі сіңген азаматтардың артынан жаман сөйлеу кең етек алып жатыр. Өлгеннің де адал аты болады. Сондықтан да Конституцияға осындай екі сөйлем қосып қоюға болатын да шығар. Мүмкін қателесіп тұрған болармын. Түзеп жіберерсіздер», деп жазды Анас Баққожаев.

Мәжіліс депутаты негізгі құжатқа ұсынған ұсынысы аға буынның құндылықтарды сақтаудағы маңызды рөліне қатысты.

«Мемлекет аға буынның қоғам үшін рухани, мәдени және тарихи құндылықтарды сақтаудағы маңызды рөлін мойындайды және оларды құрметтейді. Ұрпақтар арасындағы байланысты сақтайды және үлкендерді сыйлау мәдениетін дамытады.

Мемлекет ерекше ғылыми, тарихи немесе қоғамдық маңызы бар жағдайларды қоспағанда, өмірден өткен адамдардың рухы мен абыройының қорғалуын қамтамасыз етеді», делінген жазбада.

Фото: parlam.kz

Ақпарат: Elordainfo.kz

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137