RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Мәдениет

Астана әкімі қала жұртын Наурыз мерекесімен құттықтады

✍️ Дәукен Тұрдашев📅 21 Наурыз 2026👁 159 қаралым
Астана әкімі қала жұртын Наурыз мерекесімен құттықтады

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қала тұрғындары мен қонақтарын құттықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Баршаңызды көктемнің шуақты мерекесі – жаңару мен жаңғырудың, бірлік пен берекенің нышаны болған Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Сан ғасырлық тарихы бар бұл мереке ұрпақтар сабақтастығын жалғап, әр шаңыраққа жылулық пен ізгілік нұрын сыйлайды.

Астана – мәдениет пен тарих тоғысқан, заманауи жетістіктер өркен жайған қала. Біз бірлесе отырып, елордамызды одан әрі дамытып, оны жайлы да серпінді, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын шаһарға айналдырып келеміз.

Астанада 14 наурыздан бастап Наурыз мерекесін тойлауға арналған Наурызнама онкүндігі бастау алды. Қалада 10 күн бойы 200-ден астам түрлі іс-шара өтіп жатыр: концерттер, көрмелер, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, шығармашылық кештер, спорт ойындары, қайырымдылық шаралары және т.б. Мерекелік бағдарламалар қаланың барлық алты ауданында ұйымдастырылған.

Наурыз мерекесі әр шаңыраққа жылулық, шаттық пен татулық әкелсін. Сіздерге мықты денсаулық, бақыт және жаңа жетістіктер тілеймін!» – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Фото: Астана әкімдігі

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137