RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Қала мен сала

«Астана – есірткісіз қала»: елорданың Есіл жағалауында есірткіге қарсы ерекше акция өтті

✍️ Әбуғали Ордабай📅 17 Маусым 2026👁 145 қаралым
«Астана – есірткісіз қала»: елорданың Есіл жағалауында есірткіге қарсы ерекше акция өтті

Елордада есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған «Астана – есірткісіз қала!» атты ауқымды профилактикалық акция жаңа форматта ұйымдастырылды. Іс-шара Есіл өзенінің жағалауында теплоходтың қатысуымен өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараны Сарыарқа ауданының әкімдігі, қалалық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және ҚР Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы бірлесіп ұйымдастырды.

Акцияның басты мақсаты – тұрғындар арасында есірткіге деген көзқарас қалыптастыру, салауатты өмір салты құндылықтарын насихаттау, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» қағидаттарын нығайту.

Профилактикалық іс-шара Есіл өзенінің жағалауында өтіп, ерекше іс-шараға айналды.

Кешкі уақытта жағалау бойымен «Астана – есірткісіз қала!» баннері мен заңдылық және құқықтық тәртіп қағидаттарын бейнелейтін «Заң мен тәртіп» жазуы көрініс тапқан теплоход жүріп өтті.

Іс-шараның сәнін Ұлттық ұлан оркестрінің өнері келтірді. Музыканттардың кәсіби әрі әсерлі орындауы акцияның мазмұнын байытып, көпшіліктің ықыласына бөленді. Оркестр орындаған шығармалар қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мерекелік әсер қалдырды. Соның нәтижесінде профилактикалық шара тек ақпараттық акция ғана емес, көпшілік жадында сақталатын мәдени оқиғаға айналды.

Бағдарлама жағалауда өткен оркестр концертімен жалғасты. Сонымен қатар тұрғындарға есірткінің зияны мен оның заңсыз айналымының салдары туралы ақпарат беруге бағытталған парақшалар таратылды.

Ұйымдастырушылар қазіргі профилактикалық жұмыстар түсіндіру іс-шараларына және халықпен өзара әрекеттесудің жаңа форматтарын қолдануға негізделетінін атап өтті. Бұл маңызды әлеуметтік ақпаратты азаматтарға барынша тиімді жеткізуге мүмкіндік береді.

Іс-шара барысында еріктілер де белсенділік танытты. Олар акцияны ұйымдастыруға және қала тұрғындарымен жұмыс жүргізуге атсалысты.

Aқпарат: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137