RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Қала мен сала

Астанада белдік тақпаған және телефон қолданған жүргізушілер ұсталды

✍️ Әбуғали Ордабай📅 27 Наурыз 2026👁 144 қаралым
Астанада белдік тақпаған және телефон қолданған жүргізушілер ұсталды

Елордада Жедел басқару орталығының (ЖБО) камералары жол ережесін бұзған жүргізушілерді анықтап жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қалада жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында арнайы жұмыстар жүргізіліп, әсіресе қауіпсіздік белдігін тағу, көлік жүргізу кезінде телефон қолданбау және балаларды дұрыс тасымалдау талаптарына ерекше назар аударылды.

«Бақылау барысында бірнеше құқық бұзушылық тіркелді. Мәселен, Audi көлігінің 52 жастағы жүргізушісі Тұран көшесінде қауіпсіздік белдігін тақпаған. Ал Hyundai жүргізушісі көлік жүргізіп келе жатып телефон пайдаланған. Екі жағдайда да заң бұзушылық камераға түсіп, жүргізушілер жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады полицияда.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері профилактикалық жұмыстар жүргізіп, жүргізушілерге жол ережелерін сақтаудың маңызын түсіндірді. Балалармен жүрген азаматтарға ерекше көңіл бөлініп, оларды қауіпсіз тасымалдау талаптары ескертілді және арнайы қорғаныс құралдары таратылды.

«Мұндай шаралар жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған», - деп атап өтті полицияда.

Ақпарат: Elordainfo.kz

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137