RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Спорт

Астанада дәстүрлі «Толағай» алыптар сайысы өтеді

✍️ Әбуғали Ордабай📅 4 Шілде 2026👁 0 қаралым
Астанада дәстүрлі «Толағай» алыптар сайысы өтеді

Астана күніне орай 6 шілде күні дәстүрлі «Толағай» алыптар сайысы өтеді. Айтулы дода қазақтың даңқты батыры, әйгілі балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 155 жыл толуына арналады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Күш аталарының бәсекесі Астана қаласы әкімдігі ғимаратының алдындағы алаңда өтеді. Жарыстың ашылу салтанаты сағат 15:00-де басталады. Қатысушыларды тіркеу сағат 13:00-де өтеді.

Сайыс барысында еліміздің әр өңірінен келген ең мықты спортшылар алты кезең бойынша өзара бақ сынап, күш-қайраты мен төзімділігін көрсетеді.

Атап айтқанда, қатысушылар фермер жүрісі, 200 келілік жүк артылған арбаны сүйреу, салмағы 130 келі болатын бөренені желкеге салып отырып-тұру, 100 келілік тасты белгіленген қашықтыққа дейін көтеріп апару, қылыш көтеру және өгіз көтеру (муляж) секілді ерекше сайыс түрлерінде сынға түседі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыстың басты мақсаты – ұлттық спорт түрлерін насихаттау, жастар арасында күштік спортты дамыту және салауатты өмір салтын дәріптеу.

Іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырады.

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137