RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Қала мен сала

Астанада Халықаралық отбасы және Аналар күніне орай «Анаға тағзым» аллеясы ашылды.

✍️ Әбуғали Ордабай📅 8 Мамыр 2026👁 143 қаралым
Астанада Халықаралық отбасы және Аналар күніне орай «Анаға тағзым» аллеясы ашылды.

Астанада Халықаралық отбасы және Аналар күніне орай «Анаға тағзым» аллеясы ашылды.

Іс-шара Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мен Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Аналар кеңесінің бастамасымен өтті.

Шара барысында көпбалалы аналар мен қоғам белсенділері 100 түп ағаш отырғызып, отбасы құндылықтарын, ананың қоғамдағы рөлін және ұрпақ тәрбиесінің маңызын насихаттады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Ботагөз Ахтаеваның айтуынша, мұндай бастамалар қоғамдағы ананың мәртебесін арттырып, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға ықпал етеді.

«Анаға тағзым» аллеясы – бұл тек ағаш отырғызу акциясы емес, бұл – анаға деген құрметтің, отбасы құндылықтарына деген жанашырлықтың белгісі», – деді ол.

Ал Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Карлыгаш Саркенова елордада отбасы институтын нығайтуға бағытталған іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

«Бүгінде отбасы құндылықтарын дәріптеу, жастар тәрбиесі мен ананың қоғамдағы рөлін күшейту – маңызды міндеттердің бірі. Осындай шаралар қоғамды біріктіріп, рухани құндылықтарды насихаттауға мүмкіндік береді», – деді Карлыгаш Саркенова.

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137