RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Қала мен сала

Астанада оқушыларға экологиялық тәрбие берудің жаңа форматы: жылыжайда ерекше сынып сағаты өтті

✍️ Әбуғали Ордабай📅 10 Сәуір 2026👁 165 қаралым
Астанада оқушыларға экологиялық тәрбие берудің жаңа форматы: жылыжайда ерекше сынып сағаты өтті

Астанада «Таза Қазақстан» жобасы аясында№43 қосымша білім беру мектеп-орталығының 5-сыныбында ерекше форматтағы сынып сағаты өтті. Іс-шара мектептің жылыжайында ұйымдастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Экология және заң» тақырыбын арқау еткен сабақтың негізгі мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтық сауаттылығын арттыру.

«Сынып сағатының нәтижесінде оқушылардың табиғатқа деген жауапкершілік көзқарасы қалыптасып, экологиялық заңдарды сақтаудың маңызын түсінді», – дейді «Жас эколог» клубының жетекшісі Баян Секербаева.

Жалпы, мектептерде ұйымдастырылып жатқан мұндай жобалар өз тиімділігін көрсетіп отыр. Атап айтқанда, жас буынның экологиялық тәрбиеге деген түсінігі қалыптасып келеді.

Оқушыларға қоршаған ортаны қорғау, қоқысты сұрыптау, су мен электр энергиясын үнемдеу туралы жүйелі түрде ақпарат берілуде. Сонымен қатар, сынып сағаттарынан кейін мектеп ауласын көгалдандыру, ағаш отырғызу және «Таза аула» акцияларын өткізу сияқты практикалық іс-шаралар ұйымдастырылады.

Бұдан бөлек, «Адал азамат» тұжырымдамасы аясында табиғатқа жанашырлықпен қарау әрбір оқушының бойында патриоттық сезімді қалыптастырудың маңызды тетігі ретінде қарастырылады.

Ақпарат: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137