RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Қоғам

Астанада өзін байланыс операторы қызметкері ретінде таныстырған алаяқ 20 млн теңгені қолды етті

✍️ Әбуғали Ордабай📅 6 Сәуір 2026👁 227 қаралым
Астанада өзін байланыс операторы қызметкері ретінде таныстырған алаяқ 20 млн теңгені қолды етті

Алаяқтар өздерін ұлттық байланыс операторының қызметкері ретінде таныстырып, азаматтардың ақшасын жымқыруға көшкен. Астана қаласының «Сарайшық» ауданында осы схема бойынша аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық фактісі тіркелді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, биылғы наурыз айында белгісіз тұлға өзін ұлттық байланыс операторы компаниясының қызметкері ретінде таныстырып, жәбірленушіге қоңырау шалып, қосымша телеарналарды қосуға 30% жеңілдік бар екенін хабарлаған.

Телефон арқылы сөйлесу барысында алаяқ жәбірленушіні түрлі әрекетті орындауға көндіріп, оның ұялы телефонына қол жеткізген. Нәтижесінде жәбірленушінің ұялы телефоны уақытша бұғатталып, оның депозиттік шотынан 20 млн теңге көлеміндегі ақша қаражатын заңсыз иемденген.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігімен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды сақ болуға, бейтаныс адамдардың телефон арқылы берген нұсқауларын орындамауға, сондай-ақ құпия кодтарды, банк карталарының деректерін және жеке мәліметтерді үшінші тұлғаларға бермеуге шақырады.

Ақпарат: Elordainfo.kz

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137