RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Қала мен сала

Астанада қауіпсіздік тақырыбында оқушыларға арналған профилактикалық кездесу өтті

✍️ Әбуғали Ордабай📅 10 Шілде 2026👁 0 қаралым
Астанада қауіпсіздік тақырыбында оқушыларға арналған профилактикалық кездесу өтті

Астанада С. Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясында қалалық прокуратураның өкілдері «Қауіпсіз жаз: Заңды біл – өзіңді және өзгелерді құрметте» тақырыбында профилактикалық кездесу өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара барысында оқушыларға жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері, құқық бұзушылықтың алдын алу, су айдындарындағы, көшедегі және интернет кеңістігіндегі қауіпсіз мінез-құлық қағидалары түсіндірілді. Қатысушылармен бірге түрлі өмірлік жағдайлар талқыланып, заң талаптарын сақтаудың маңызы мен өз әрекеттерінің салдарын түсіну қажеттігі атап өтілді.

Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған пайдалы ақпарат алды. Іс-шара өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және жауапты азаматтық ұстанымын нығайтуға ықпал етті.

Ақпарат: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137