RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Қала мен сала

Астанада студенттердің қатысуымен жаңа Конституцияның рөлі мен маңызы талқыланды

✍️ Әбуғали Ордабай📅 14 Сәуір 2026👁 111 қаралым
Астанада студенттердің қатысуымен жаңа Конституцияның рөлі мен маңызы талқыланды

Астанада С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде дөңгелек үстел өтіп, онда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының негізгі ережелері, оның рөлі мен маңызы талқыланды. Іс-шараға 60-қа жуық студент пен оқытушы қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Еске сала кетейік, 15 наурызда елімізде референдум өтіп, оның қорытындысы бойынша Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл әділетті қоғам құру, мемлекеттік институттарды нығайту және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау деңгейін арттыру жолындағы маңызды қадам болды.

Іс-шараның модераторы ретінде қоғаммен байланыс және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс департаментінің директоры Зейін Әліпбек сөз сөйледі.

Қатысушылар конституциялық өзгерістердің негізгі аспектілерін, олардың практикалық маңызын және ел болашағына ықпалын талқылады.

Негізгі баяндаманы басқарма басшысы Жазира жылқышиева жасады.

Конституция – жай ғана құқықтық құж«ат емес. Ол мемлекет пен қоғам арасындағы сенімнің негізі. Бүгінде жастар оның мәнін түсініп, сезініп, ел болашағына жауапкершілікпен қарауы аса маңызды», – деді ол.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Конституцияның тек құқықтық негіздерді айқындайтын құрал ғана емес, сонымен қатар қоғамның құндылықтық бағдарларын белгілейтін маңызды құжат екенін атап өтті. Кездесу сындарлы жағдайда өтіп, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сарапшылардан жан-жақты жауап алды.

Мұндай кездесулер студенттер арасында құқықтық мәдениетті нығайтып, жастардың мемлекет дамуына қосатын үлесін түсінуге ықпал етеді.

Ақпарат: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137