RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Қала мен сала

Астанада «Таза Қазақстан» ауқымды акциясы өтіп жатыр

✍️ Әбуғали Ордабай📅 25 Сәуір 2026👁 192 қаралым
Астанада «Таза Қазақстан» ауқымды акциясы өтіп жатыр

«Таза Қазақстан» республикалық ағаш отырғызу акциясы аясында елорданың барлық ауданында абаттандыру және көгалдандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Таңертеңнен бастап аумақтарды санитарлық тазалау жұмысы жүргізілуде: қоқыс шығарылып, саябақтар, гүлзарлар, тұрғын үйлердің аулалары, сондай-ақ бизнес нысандарына, қоғамдық тамақтану орындарына және басқа да ұйымдарға іргелес аумақтар ретке келтірілуде.

Экологиялық науқанға елорда тұрғындары, мәдениет қайраткерлері, қоғам белсенділері, кәсіпорын қызметкерлері, МИБ/ПИК, шағын және орта бизнес өкілдері, еріктілер, студенттер және белсенді азаматтар қатысып жатыр.

«Біз ауламызды ретке келтіріп, қоқыс жинап, көршілерімізбен жақынырақ араластық, көңіл күйіміз керемет. Астананың ортақ күш-жігердің арқасында көркейіп жатқанын көру қуантады. Мұндай акцияларға қатысу – қаламыздың жайлылығы мен болашағына қосқан әрқайсымыздың үлесіміз деп ойлаймын», – деді елорда тұрғыны.

Әкімдік тұрғындарды экологиялық айлықты қолдауға және өз үлестерін қосуға шақырады.

Бастаманың негізгі мақсаты – тазалықты сақтау мәселелеріне назар аудару және тұрақты экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Әрбір қала тұрғыны мен ұйым көшелер мен аулаларды абаттандыруға үлес қосып, қаланы таза, жайлы әрі экологиялық тұрғыдан қолайлы ете алады.

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137