RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Қала мен сала

Астанада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына 100 мыңнан астам тұрғын қатысты

✍️ Әбуғали Ордабай📅 17 Мамыр 2026👁 120 қаралым
Астанада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына 100 мыңнан астам тұрғын қатысты

Астанада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпықалалық тазалық күні өтіп, оған 100 мыңнан астам адам қатысты. Экологиялық бастамаға 2 683-тен астам кәсіпорын, ұйым мен мекеме қолдау көрсетті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Таңертеңнен бастап қала тазалығына бизнес өкілдері, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, еңбек ұжымдары, жастар мен елорда тұрғындары жұмылды.

Қатысушылар аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді тазалап, қаланы көгалдандыру жұмысына атсалысып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарайтынын көрсетті.

Бұл жұмысқа 1 208 бірлік арнайы техника тартылды. Акция барысында шамамен 230 тонна қоқыс шығарылып, 2 150-ден астам аула тазартылды. Сондай-ақ 220 саябақ пен гүлзар, 78 тарихи-мәдени ескерткіштің аумағы ретке келтірілді.

Қатысушылар аумақтарды тазалаумен қатар ағаш отырғызып, қоғамдық орындарды абаттандыру жұмысына да қатысты. Бұл тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға септігін тигізеді.

Жалпы, 11 сәуір мен 16 мамыр аралығында өткен экологиялық айлыққа 240 мыңнан астам елорда тұрғыны және шамамен 12,4 мың кәсіпорын мен ұйым қатысты.

Осы уақыт ішінде 4 700-ден астам арнайы техника жұмылдырылып, 1 200 тоннадан астам қоқыс шығарылды. 8 540-тан астам аула тазартылып, 1,4 мыңнан астам аялдама павильоны мен 17,1 мың метр көше қоршауы жуылды.

Бұдан бөлек, қалада шамамен 30 мың жасыл желек отырғызылды.

Елордадағы тазалық пен абаттандыруға бағытталған экологиялық акция жалғасып жатыр.

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137