RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Мәдениет

Астанада «Травиата» операсы жұлдызды құраммен сахналанды

✍️ Әбуғали Ордабай📅 6 Сәуір 2026👁 194 қаралым
Астанада «Травиата» операсы жұлдызды құраммен сахналанды

«Астана Опера» театрында Джузеппе Вердидің «Травиата» операсы жұлдызды құраммен сахналанып, зал көрерменге лық толды. Әртістерге ерекше құрметтің белгісі ретінде спектакль қатысушыларына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ықылас гүлі табысталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл кеште басты партияларды опера өнерінің танымал шеберлері орындады. Виолетта Валери бейнесінде сопрано Мария Мудряк өнер көрсетті. Бұл спектакль әнші үшін ерекше мәнге ие. Осыдан дәл он жыл бұрын Мария Мудряк «Астана Опера» сахнасында осы рөлмен дебют жасаған еді. Осы уақыт ішінде Виолетта партиясы оның шығармашылық өмірінде маңызды орын алып, жаңа эмоциялық және драмалық қырынан ашылды.

Альфред Жермон партиясын алғаш рет испандық тенор Жоэль Прието орындады. Оның қатысуы кештің басты оқиғаларының біріне айналды. Әнші үшін бұл жаңа партиядағы дебют қана емес, сонымен қатар Қазақстанға жасаған алғашқы сапары болды. Жоэль Прието Ковент-Гарден, Ла Скала, Париж ұлттық операсы және Зальцбург фестивалі сияқты әлемнің ірі сахналарында өнер көрсеткен.

Жорж Жермон бейнесін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Талғат Мұсабаев сомдап, қойылымның драмалық қуатын арттырып, сахналық көркемдігін айқындай түсті. Дирижерлік пультте италиялық маэстро Джузеппе Акуавива тұрды. Солистермен бірге сахнаға «Астана Опера» театрының хоры, миманс әртістері және симфониялық оркестрі шықты.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Ақпарат: Elordainfo.kz

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137