RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Қала мен сала

Астанада Түркі әлемінің балалар ойындары халықаралық фестивалі өтіп жатыр

✍️ Ернұр Қайнар📅 18 Ақпан 2026👁 137 қаралым
Астанада Түркі әлемінің балалар ойындары халықаралық фестивалі өтіп жатыр

станадағы №104 Келешек мектебінде 9-13 жас аралығындағы оқушыларға арналған «Түркі әлемінің балалар ойындары халықаралық фестивалі» өтуде. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен Түркия Республикасының Білім министрлігі бірлесе ұйымдастыруда, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Фестиваль түркі мемлекеттері арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтуға, дәстүрлі балалар ойындарын сақтауға және болашақ ұрпаққа насихаттауға бағытталған.

Іс-шараның негізгі мақсаттары – балалар ойындарын жүйелеу, ортақ мұрағат қалыптастыру, ойындардың білім беру үдерісіндегі педагогикалық рөлін арттыру, сондай-ақ жас ұрпақтың әлеуметтік, эмоционалдық әрі мәдени дамуына қолдау көрсету.

Фестиваль аясында еліміздің 20 өңірінен келген педагогтерге арналған халықаралық семинар-тренинг өткізілуде. Қатысушылар түркі халықтарының дәстүрлі ойындарымен танысып, оларды білім беру тәжірибесіне енгізу жолдарын талқылайды. Семинар-тренинг бағдарламасында асық ату, таяқ тарту, ләңгі тебу, орамал тастамақ, сақина салу, ханталапай, тымақ ұру, бес асық және тағы басқа ойын түрлері ұсынылған.

Семинар-тренинг қорытындысы бойынша Түркия делегациясы қазақ мәдениетіне тән төрт ойынды іріктеп алады. Бұл ойындар 2026 жылғы сәуір айында Стамбул қаласында өтетін түркі елдері фестивалінде көрсетіледі. Фестиваль түркі әлемінің ортақ мәдени мұрасын сақтауға және халықаралық педагогикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Ақпарат: Elordainfo.kz

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137