RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Қала мен сала

Астанада Ұлттық ұланның бастамасымен “Cyber sarbaz” сыныбы ашылды

✍️ Әбуғали Ордабай📅 4 Ақпан 2026👁 15 қаралым
Астанада Ұлттық ұланның бастамасымен “Cyber sarbaz” сыныбы ашылды

Астанада Ұлттық ұланның бастамасымен “Cyber sarbaz” сыныбы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласындағы №115 мектепте “Жас бүркіт” патриоттық клубының “Cyber sarbaz” сыныбы ашылды. Жоба Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінің бастамасымен қолға алынды.

Жаңа сынып құрамына 23 оқушы қабылданды. Салтанатты рәсім барысында олар Ұлттық ұланның айрықша нышаны саналатын қызыл-қоңыр жолақ кеудеше, “Жас бүркіт” кеуде белгілері және арнайы куәліктермен марапатталды. Іс-шарада сөз сөйлеген 5573 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Аслан Оразалин бастаманың маңызына тоқталды.

— Жастардың ақпараттық қауіпсіздік негіздерін меңгеруі – уақыт талабы. “Cyber sarbaz” сыныбы жас ұрпақтың бойында отансүйгіштікпен қатар тәртіп, жауапкершілік және заманауи білім қалыптастырады, – деді ол. Жоба аясында оқушыларға патриоттық тәрбие берумен қатар цифрлық сауаттылықты арттыру, ақпараттық қауіпсіздік негіздерін үйрету, киберкеңістіктегі қауіп-қатерлердің алдын алу және құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіледі.

Айта кетейік, бұл бастама білім беру ұйымы мен әскери құрылым арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтып, өскелең ұрпақты тәрбиелеудің тиімді үлгісін көрсетеді. Ұлттық ұланның елордалық әскери бөлімі қолға алған жоба патриоттық тәрбиені заман талабына сай жаңғыртып, жастардың ел болашағына деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Ақпарат көзі: Polisia.kz

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137