RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Мәдениет

Астанада VIII-XIX ғасырлардағы сирек қолжазбалар көрмесі өтті

✍️ Ернұр Қайнар📅 19 Ақпан 2026👁 72 қаралым
Астанада VIII-XIX ғасырлардағы сирек қолжазбалар көрмесі өтті

Астанадағы «Тұран» университетінде Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы ұйымдастырған «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» атты көрме өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Көрме Ұлы даланың жазба мұрасына және оның көне дәуірден бүгінге дейінгі даму кезеңдеріне арналды.

Экспозицияда VIII-IX ғасырлардағы көне түркі тіліндегі сирек қолжазбалар, Қарахан мемлекеті, Алтын Орда және Қазақ хандығы дәуірлеріне жататын араб, парсы және шағатай тілдеріндегі құжаттар, сондай-ақ көне түркі жазуының үлгілері мен латын графикасындағы басылымдар көпшілік назарына ұсынылды. Барлық материалдар Ұлттық орталықтың қорында сақталған.

Кездесу барысында қатысушыларға жазба ескерткіштердің тарихи маңызы, оларды зерттеу ерекшеліктері мен сақтау жолдары туралы мәлімет берілді.

Ақпарат: Elordainfo.kz

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137