RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Қала мен сала

Астанада жасөспірімдерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

✍️ Әбуғали Ордабай📅 25 Маусым 2026👁 0 қаралым
Астанада жасөспірімдерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Астанада 14 жастан асқан жастар мен жасөспірімдерге арналған мамандандырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңке елордадағы TANYM көпфункционалды кешенінде ұйымдастырылды.

Іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің Еңбек мобильділігі орталығы өткізді. Оның мақсаты – жасөспірімдерге жазғы уақытта уақытша жұмыс табуға көмектесу, оларды еңбек нарығымен таныстыру және алғашқы ресми еңбек тәжірибесін алуға мүмкіндік беру.

Жәрмеңке барысында қаладағы 28 жұмыс беруші талапкерлерге музыканттан бастап тігіншіге дейінгі түрлі бағыттағы 161 бос жұмыс орнын ұсынды.

№3 балалар музыка мектебі жас пианистерді, домбырашыларды және концертмейстерлерді жұмысқа шақырды.

Сондай-ақ қалада кесімді ақы төленетін тігіншілерге сұраныс жоғары екені айтылды.

Қызмет көрсету және маркетинг саласында компаниялар промоутерлерді, буып-түюшілерді, қаптаушыларды, өндірістік желі операторларын, қалыптаушыларды, жинақтаушы-буып-түюшілерді және техникалық қызметкерлерді белсенді түрде жұмысқа қабылдады.

Жасөспірімдер волонтерлік қызметке де ерекше қызығушылық танытып, жәрмеңкедегі мамандардан кеңінен ақпарат алды.

Жәрмеңкенің ерекшелігі – көптеген жас талапкердің ата-аналарымен бірге келуі. Бұл жасөспірімдерге өміріндегі алғашқы шағын сұхбаттарда өздерін сенімді сезінуіне мүмкіндік берсе, ата-аналар жазғы жұмыс орындарының қауіпсіздігі мен заңдылығына көз жеткізе алды.

Өткен іс-шара елордалық жастардың еңбек етуге және дербестікке ұмтылатынын көрсетті. Сонымен қатар кәсіпкерлер оларға лайықты еңбекақы төленетін заңды жұмыс орындарын ұсынуға дайын екенін аңғартты.

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137