RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Мәдениет

Астаналық оқушылар ерекше акция ұйымдастырды

✍️ Ернұр Қайнар📅 26 Ақпан 2026👁 111 қаралым
Астаналық оқушылар ерекше акция ұйымдастырды

Астанада 1 наурыз – Алғыс айту күнін мерекелеу аясында №116 орта мектептің оқушылары «Алғыс – жүректен жүрекке» атты ерекше акция өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Білім ордасының холында оқушылар алғыс, құрмет пен бірлікті бейнелейтін жүрек пішінді әуе шарларын ұстап, сап түзеді. Ерекше акция мерекенің басты идеясы жақындарға, ұстаздарға және айналадағы жандарға шынайы ризашылық білдіруді насихаттауға арналды.

Акцияның ерекшелігі – символикалық эстафета елорданың өзге де білім беру ұйымдарына жолданды. №116 мектептің оқушылары қатарластарын бастаманы қолдауға шақырып, челленджді өзге астаналық мектептерге жолдады. Осылайша алғыс айту идеясы кеңінен таралады деп жоспарланып отыр.

«Біз жылылық пен бірлікке толы шынайы атмосфера қалыптастырғымыз келді. Жүрек – мейірім мен құрметтің белгісі. Балалардың мереке туралы жай ғана біліп қоймай, оның мәнін жүрекпен сезінгені біз үшін маңызды», – деді мектеп директоры.

Акцияға қатысушылардың бірі өз әсерін былайша жеткізді:

«Жүрегімізді ұстағанда маңызды іс атқарып жатқандай сезімде болдық. Бұл – ата-анамызға, ұстаздарымызға және жанымыздағы жандарға алғыс айтудың бір жолы».

Ұйымдастырушылар мұндай бастамалар өскелең ұрпақ арасында алғыс айту мәдениетін, өзара құрмет пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.

Акция қарапайым идеяның өзі елорданың оқушыларын мейірім мен ауызбіршілік құндылықтары төңірегіне топтастыра алатынын көрсеткен ерекше үлгіге айналды.

Фото: Астана қаласы әкімдігі

Ақпарат: Elordainfo.kz

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137