RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Саясат

Ата заңға стратегиялық бағдар: ғылыми еркіндік Конституция деңгейінде бекітілуі мүмкін

✍️ Жәнібек Амангелді📅 30 Қаңтар 2026👁 1,432 қаралым
Ата заңға стратегиялық бағдар: ғылыми еркіндік Конституция деңгейінде бекітілуі мүмкін

Ғылыми еркіндіксіз даму мүмкін емес – Ұлттық ғылым академиясының мүшесі, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бесінші отырысында комиссия мүшесі, Ұлттық ғылым академиясының мүшесі Дурвудхан Сұраған ғылыми шығармашылық еркіндігін Конституция деңгейінде бекіту мемлекеттің стратегиялық дамуына тікелей әсер ететінін, ғылыми еркіндіксіз тұрақты даму мен демократиялық қоғам құру мүмкін еместігін айтты, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Ғылыми шығармашылық еркіндігін Конституция деңгейінде бекіту – ғылымды қосалқы құрам емес, жеке-дара құндылық ретінде мойындауды білдіреді. Баршамызға мәлім, ғылымсыз – тұрақты даму да, шынайы демократия да, тиімді мемлекеттік басқару да мүмкін емес. Конституциялық норма, ең алдымен – ғылыми шығармашылық еркіндігі мәртебесін айқындайды. Яғни, мемлекет оның еркін жұмыс жасауы үшін жағдай жасауы тиіс», – деді ол.

Оның айтуынша, ғылыми шығармашылық еркіндігі университеттер мен ғылыми орталықтардың дербестігімен, оқытушылар мен ғалымдардың академиялық еркіндігімен тығыз байланысты. Бұл норманы Конституцияда нақты бекітпейінше, ғылыми мекемелердің әдістеме таңдау, зерттеу және түсіндіру тақырыптары бойынша еркіндігін толық қамтамасыз ету мүмкін емес.Комиссия отырысында жаһандық бәсекелестік пен технологиялық трансформация жағдайында ғылыми еркіндіктің стратегиялық маңызына да назар аударылды.

Сөз соңында ол Преамбулада және қосымша баптарда адами капитал, білім мен ғылым, мәдениет пен инновацияны Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінің стратегиялық бағыттары ретінде бекітуді қолдауға шақырды.

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137