RakursInfo
Біз туралыБайланыс

Биыл еліміздегі 86 суару каналын цифрландыру басталады

✍️ Ернұр Қайнар📅 20 Ақпан 2026👁 128 қаралым
Биыл еліміздегі 86 суару каналын цифрландыру басталады

Су ресурстары және ирригация министрлігі биыл бұған дейін реконструкциядан өткен «Қазсушар» РМК қарамағындағы 86 суару каналын цифрландыру жұмыстарын бастайды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоба аясында механикалық гидрожапқыштарды автоматтандыру, сондай-ақ оларға су көлемі мен деңгейін есепке алатын құрылғылар орнату көзделген. Жалпы осы шаралар нәтижесінде ұзындығы 502 шақырымнан астам суару желісі цифрландырылады.

«Бұл – Қазақстандағы ирригация желілерін цифрландыру мен автоматтандыруға бағытталған жалғыз жоба емес. Биыл Ислам даму банкінің қолдауымен оңтүстік өңірлердегі 103 канал бойынша жұмыстар басталады. Соның нәтижесінде 2027 жылға қарай 900 шақырымнан астам канал жаңғыртылады. Сонымен қатар 2026 жылдың бірінші жартысында тағы 263 каналдың реконструкциясы мен автоматтандырылуына арналған жобалау-сметалық құжат әзірлеу жұмыстары аяқталады», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов.

Еске салсақ, еліміздегі су қоймаларда 14,3 млрд текше метр тасқын суға арналған қор бар.

Ақпарат: Elordainfo.kz

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137