RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Саясат

Дархан Жазықбай Президенттік жастар кадр резервінің мүшелерімен кездесу өткізді

✍️ Жібек Наурыз📅 15 Қаңтар 2026👁 312 қаралым
Дархан Жазықбай Президенттік жастар кадр резервінің мүшелерімен кездесу өткізді

Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде ведомство басшысы Дархан Жазықбай Президенттік жастар кадр резервінің мүшелерімен кездесті, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында адалдық қағидатын ілгерілету және адал еңбекті дәріптеу мәселелері қозғалып, жасанды интеллект дәуірінде заманауи технологияларды пайдалану арқылы мемлекеттік қызметтегі ашықтық пен әділдікті қамтамасыз етудің мүмкіндіктері туралы айтылды.

Сонымен қатар Агенттік төрағасы Мемлекет басшысының «Түркістан» газетіне берген сұхбатында айтылған «Заң мен тәртіп» қағидаты мемлекеттік басқарудың берік негізі болуы тиіс екенін атап өтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жазалаудан гөрі алдын алу мен жүйелі превенцияға, ағартушылыққа басымдық беру маңызды екенін жеткізді.

Дархан Жазықбай Президенттік жастар кадр резервінің мүшелерін еңбек етуге, заң талаптарын бұлжытпай сақтауға шақырып, оларға мемлекет тарапынан ерекше сенім мен жоғары жауапкершілік жүктелетінін атап өтті. Сондай-ақ резервшілер өздерінің атқарып жатқан жұмыстары мен жобалары туралы пікір алмасты.

Сонымен қатар, кездесу барысында резерв мүшелері цифрландыру, жасанды интеллект жылына орай өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, идеяларымен бөлісті.

Еске салайық, бұған дейін Астанада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ардагерлері кеңесінің конференциясы өткені туралы жаздық.

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137