RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Қоғам

Елімізде әр бесінші балада артық салмақ бар

✍️ Әбуғали Ордабай📅 27 Наурыз 2026👁 157 қаралым
Елімізде әр бесінші балада артық салмақ бар

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма төрағасы Эрик Байжүнісов осылай мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Төрағаның айтуынша, бүгінде елімізде 6-9 жас аралығындағы әр бесінші балада артық салмақ бар. Оның ішінде 6,6%-ы семіздікке шалдыққан.

Сонымен қатар жүргізілген сауалнама нәтижесі халықтың 77,6%-ы балалардағы артық салмақты қалыпты жағдай ретінде қабылдайтынын көрсеткен. Осыған байланысты Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығында бірқатар нақты шаралар әзірленген.

«Біз Үкіметке және Денсаулық сақтау министрлігіне бірқатар қадамдарды ұсынып отырмыз. Оның ішінде қант қосылған сусындарға мақсатты акциздер енгізу бар. Бұл шаралар осындай өнімдерді сатудан үш жыл ішінде шамамен 420 млрд теңге көлемінде қаржы жинауға мүмкіндік береді. Жиналған қаражатты семіздікпен, темекі шегумен күреске, сондай-ақ пайдалы өнім шығаратын өндірістерді субсидиялауға бағыттауға болады», – деді Эрик Байжүнісов.

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137