RakursInfo
Біз туралыБайланыс

Елімізде туризм саласына салынған инвестиция көлемі 33% артты

✍️ Жібек Наурыз📅 14 Ақпан 2026👁 74 қаралым
Елімізде туризм саласына салынған инвестиция көлемі 33% артты

2025 жылдың қорытындысы бойынша туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 1,25 трлн теңгеге жетіп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 33%-ға артты, деп хабарлады Elordainfo.kz Туризм индустриясы комитетіне сілтеме жасап.

Комитеттің хабарлауынша, өсім туристік инфрақұрылымды кеңейту, көлік қатынасының қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ орналастыру, мәдениет және демалыс бағыттарындағы жаңа жобаларды іске асыру есебінен қамтамасыз етілді.

Инвестиция көлемінің ұлғаюына жолаушылар тасымалы, орналастыру және қоғамдық тамақтану қызметтері, сондай-ақ өнер, ойын-сауық және демалыс салалары елеулі үлес қосты.

Өңірлер арасында туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестицияның ең жоғары өсімі Ақтөбе облысында тіркелді. Бұл өңірде көрсеткіш 526%-ға ұлғайып, 60,8 млрд теңгеден асты. Сонымен қатар Абай, Атырау және Ұлытау облыстарында да айтарлықтай оң серпін байқалды.

Республикалық маңызы бар қалалар арасында инвестиция өсімінің жоғары көрсеткіші Алматы (79%) және Астана (61%) қалаларына тиесілі.

«Жалпы алғанда, бұл деректер бизнестің туризм инфрақұрылымын дамытуға деген қызығушылығының сақталып отырғанын және саланың әлеуеті нығайып келе жатқанын көрсетеді. Негізгі бағыттар бойынша инвестиция көлемінің артуы Қазақстанда туризмді одан әрі тұрақты дамытуға берік негіз қалайды», - делінген хабарламада.

Ақпарат: Elordainfo.kz

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137