RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Мәдениет

Еліміздің мектептерінде құқықтық мәдениет сабақтары енгізілді

✍️ Әбуғали Ордабай📅 30 Наурыз 2026👁 144 қаралым
Еліміздің мектептерінде құқықтық мәдениет сабақтары енгізілді

Бүгіннен бастап еліміздің мыңға жуық мектеп пен колледжінде «Заң және тәртіп» жобасы аясында құқықтық мәдениет сабақтары басталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Жоба Алматы облысы Талғар ауданында өткен пилоттық кезең нәтижесінде енгізілді. Онда буллинг пен құқық бұзушылық деңгейінің төмендегені байқалған.

Ең көп қамтылған өңірлердің қатарында:

- Шымкент қаласы (100-ге жуық ұйым),

- Қарағанды облысы (190-нан астам),

- Павлодар облысы (шамамен 110 ұйым) бар.

Сабақтарға құқық қорғау органдарында тәжірибесі бар 600-ден астам тәлімгер тартылып, олар екі аптада кемінде бір рет өткізіледі.

Пилоттық кезеңде 9 мыңнан астам оқушы қамтылып, буллинг пен кибербуллинг 18%-ға төмендеді. Сонымен қатар, тәуекелі төмен оқушылар үлесі артып, ерекше назарды қажет ететін жасөспірімдер саны азайған.

«Жоба оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Ол «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында кезең-кезеңімен бүкіл елге енгізіледі», делінеді хабарламада.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Ақпарат: Elordainfo.kz

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137