RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Қала мен сала

Елорда гидтері экскурсияларына қаланың архивтік деректерін пайдаланады

✍️ Жәнібек Амангелді📅 24 Қаңтар 2026👁 1,430 қаралым
Елорда гидтері экскурсияларына қаланың архивтік деректерін пайдаланады

Архив пен гидтер серіктестік орнатты. Алдағы уақыттарда Астана тарихы туристерге жаңа форматта ұсынылады, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Қаланың мемлекеттік архивінде «Астана гидтер клубы» және «AOMI Travel турагенттігі» өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Бұл кездесу архивте жатқан елорда тарихын кәсіби гидтер арқылы кеңінен танытуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.

Кездесу аясында Астана қаласының мемлекеттік архиві мен туризм саласының өкілдері арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Аталған меморандум архив пен гид өкілдерінің өзара кәсіби байланысын нығайтып, тарихи деректерді экскурсиялау және танымдық бағыттарда тиімді пайдалануға жол ашады.

Кездесу барысында қатысушылар архив қорларында сақталған Ақмола, Целиноград және Астана кезеңдеріне қатысты бірегей тарихи құжаттармен, сирек фотосуреттермен және қаланың дамуының маңызды кезеңдерін айқындайтын материалдармен танысты. Бұл деректер елорданың тек заманауи келбетін ғана емес, оның ғасырлар қойнауынан бастау алатын бай тарихын да ашып көрсететін еді.

Гидтер тарапынан архивтік деректерге деген қызығушылықтың жоғары екені ерекше назар аудартты. Себебі түпнұсқа құжаттар мен нақты тарихи мәліметтерге сүйенген экскурсиялар туристер үшін де аса құнды, әрі әсерлі бола түсетіні анық.

Фото: Астана қаласы әкімдігі

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137