RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Қала мен сала

Елорда күні: Астанада үш жаңа өндіріс орны ашылды

✍️ Әбуғали Ордабай📅 5 Шілде 2026👁 0 қаралым
Елорда күні: Астанада үш жаңа өндіріс орны ашылды

Елорда күні қарсаңында Астананың №1 Индустриялық паркінде қаланың өнеркәсіптік әлеуетін дамыту аясында жүзеге асырылған үш жаңа өндіріс орны пайдалануға берілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Ашылған кәсіпорындардың бірі – пластикалық медициналық бұйымдар шығаратын Heart Center Foundations зауыты. Жобаға 4,155 млрд теңге инвестиция тартылып, 54 жаңа жұмыс орны ашылды.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына орта есеппен 12 млн дана өнім шығаруға арналған.

Екінші жоба – жылу агрегаттарын өндіретін Nomad Tech Engineering зауыты. Бұл жобаға 2 млрд теңге инвестиция салынып, жаңадан 40 жұмыс орны құрылды. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына орта есеппен 19 өнімді құрайды.

Сондай-ақ полипропиленнен блокты-модульді тазарту құрылысын (ЛОС, КОС, КНС) шығаратын TAZAU зауыты жұмысын бастады.

Жобаны іске асыруға 510 млн теңге инвестиция құйылып, 60 жаңа жұмыс орны ашылды.

Кәсіпорын жылына шамамен 200 өнім өндіруге қауқарлы.

№1 Индустриялық паркте жаңа өндірістердің іске қосылуы елорданың өңдеу өнеркәсібінің дамуына, инвестиция тартуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді.

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137