RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Қала мен сала

Елорда полициясы тұрғындарға тазалықты сақтау қажеттігі туралы үндеу жасады

✍️ Әбуғали Ордабай📅 9 Сәуір 2026👁 139 қаралым
Елорда полициясы тұрғындарға тазалықты сақтау қажеттігі туралы үндеу жасады

Көктем мезгілінің басталуына байланысты елорда полициясы тұрғындарға қоғамдық орындарда тазалықты сақтау қажеттігін ескертті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері көшелерде, аялдамаларда, саябақтар мен аулаларда қоқыс, темекі тұқылдарын тастау, түкіру, автокөлік терезесінен қалдықтарды лақтыру және абаттандыру қағидалары бұзылғаны анықталған.

Мұндай әрекеттер қала келбетіне нұқсан келтіріп қана қоймай, тұрғындардың санитарлық жағдайы мен қауіпсіздігіне де қауіп төндіреді.

Құқық бұзушылықтардың алдын алуда Жедел басқару орталығының камералары ерекше рөл атқарады. Олар қоршаған ортаны ластау фактілерін нақты уақыт режимінде тіркейді.

Камералардан алынған ақпарат жедел түрде полицияның кезекші жасақтарына жіберіліп, құқық бұзушыларды анықтап, оларды әкімшілік жауапкершілікке тартуға мүмкіндік жасайды.

Сонымен қатар, тұрғындардың белсенді азаматтық ұстанымы да маңызды. Олар құқық бұзушылық туралы хабарлап, қоғамдық мәдениетті сақтауға үлгі көрсетеді.

«Полиция тазалық қағидаларын сақтамау заңмен белгіленген жауапкершілікке әкелетінін ескертеді. Қаланың тазалығы – ортақ еңбек, ал әрбір азамат өзі өмір сүріп отырған ортаның жай-күйіне жеке жауапты.

Полиция тұрғындарға мыналарды еске салады: қоғамдық орындарды тұрмыстық қалдықтармен және темекі тұқылдарымен ластамау; балалар мен жасөспірімдерді ерте жастан тазалық мәдениетіне баулу; ластау фактілері туралы қаланың ресми арналары арқылы хабарлау.

Тек бірлескен күш-жігердің арқасында ғана Астананы таза, жайлы әрі өмір сүруге қолайлы қала ретінде сақтай аламыз», – делінген Полиция департаментінің үндеуінде.

Ақпарат: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137