RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Қоғам

Елорда прокуратурасының бастамасымен: Астанада студенттер үшін құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатындағы телекөпір өтті

✍️ Жібек Наурыз📅 14 Ақпан 2026👁 141 қаралым
Елорда прокуратурасының бастамасымен: Астанада студенттер үшін құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатындағы телекөпір өтті

Қала прокуратурасының бастамасымен «Заң және тәртіп» нарративін іске асыру аясында және жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында студенттері мен сотталғандар арасында телекөпір өтті. Іс-шараға 300-ден астам студент қамтылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Аталған іс-шара жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және студенттерді заңсыз әрекеттерге тартудың алдын алуға бағытталды.

Кездесу барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері жастарды толғандыратын өзекті сұрақтарға жауап беріп, қылмыстар үшін жауапкершілік, алаяқтықтың негізгі тәсілдері мен схемалары, жастарды есірткі заттарын таратуға тарту әдістері, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау шаралары туралы түсіндірмелер берді.

Телекөпірдің басты ерекшелігі — студенттердің сотталғандармен тікелей, ашық форматта пікір алмасуы болды. Олар өз өмірлік тәжірибелері арқылы ойланбай қабылданған шешімдердің салдары және бір ғана қателіктің адамның тағдырын қалай түбегейлі өзгертуі мүмкін екенін айтып берді.

Құқық қорғау органдары тарапынан тұрақты негізде өткізілетін мұндай кездесулер «Заң және тәртіп» қағидаттарын нығайтуға, жауапкершілікті және өз болашағына саналы көзқарасты қалыптастыруға ықпал етеді.

Телекөпір қорытындысы бойынша қатысушылар тікелей диалог форматы мен тәжірибеге бағытталған тәсіл профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыратынын және алдағы уақытта да студент жастармен жұмыс барысында қолданылатын болатынын атап өтті.

Фото: Сұлтан Сейітов

Ақпарат: Elordainfo.kz

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137