RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Қоғам

Елордада 200-ге жуық адам Есіл жағалауын тазартуға шықты

✍️ Әбуғали Ордабай📅 20 Сәуір 2026👁 131 қаралым
Елордада 200-ге жуық адам Есіл жағалауын тазартуға шықты

Астанада «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық бастамасы аясында Есіл өзенінің жағалауын тазарту акциясы өтті. Оған «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері, белсенді тұрғындар және Сарыарқа мен Нұра аудандары әкімдіктерінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Ауқымды іс-шараға шамамен 200 адам жиналды.

Қатысушылар жағалау аумағын қоқыстан тазалап, әсіресе қыс мезгілінен кейін қалдықтар көп жиналған учаскелерге ерекше көңіл бөлді.

Акцияның мақсаты – қала тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне назар аудару.

«Бүгін 50-ден астам ерікті жиналдық. Біз үшін қаланың экологиясына үлес қосу маңызды.«Таза Қазақстан» акциясын әрдайым қолдаймыз.

Тазалық – әрқайсымыздан басталады. Осындай бастамалар үлкен қозғалысқа айналып, жастарды көбірек тартуға мүмкіндік береді», – деді «Астана жастары» орталығының еріктісі Қайрат Құлхожақымет.

Экобелсенді Эльмира Исабаева да бірнеше жылдан бері қала аумағын өз бетінше тазалап, әлеуметтік желілер арқылы экологиялық өмір салтын насихаттап келеді. Бұл жолы да ол Есіл жағалауын тазалауға атсалысты.

«Үш жылдан бері тазалық акцияларына қатысып, адамдарды шақырып келемін. Бұрын қатысушылар аз болатын, ал бүгін осынша адамның жиналғанын көріп қуандым. Табиғатымыз өте әдемі, оны сақтауымыз керек. Мұндай акциялар жиі өтіп, оған қатысушылар саны арта береді деп сенемін», – деді ол.

Қатысушылар мұндай экологиялық шаралар алдағы уақытта қаланың өзге де аумақтарында жалғасатынын атап өтті. Еріктілер мен белсенділер тұрғындарды бейжай қалмай, қала тазалығына өз үлесін қосуға шақырады.

Ақпарат: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137