RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Қала мен сала

Елордада 92 мың студент пен оқушы ойын арқылы алаяқтардан сақтанудың жолын үйренді

✍️ Кербез Әлішер📅 23 Қаңтар 2026👁 1,202 қаралым
Елордада 92 мың студент пен оқушы ойын арқылы алаяқтардан сақтанудың жолын үйренді

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Астанада өткен «Qarzhy Saqshysy» компьютерлік ойынына 92 мың студент пен оқушы қатысты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ерекшелігі – интерактивті ойында қатысушылар виртуалды ортада қаржыға қатысты шешім қабылдайды, әртүрлі алаяқтықтан сақтануды, жеке деректерін қорғауды және онлайн қауіпсіздік шарттарын үйренеді.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың қаржылық сауатылығын арттыру, қаржылық алаяқтық схемалары мен интернет-алаяқтықтан сақтандыру. Ойын барысында қатысушылар қаржылық қауіп-қатерлерді тануға, дұрыс шешім қабылдауға, заңға қайшы әрекеттерден сақтануға үйренді.

«1-15 желтоқсан аралығында өткен ойынға елордалық мектептің 10-11 сынып оқушылары мен колледждің 1-2 курс студенттері қатысып, білімін шыңдады. Олардың ішінде 71 мың оқушы, 21 мың студент бар. Іс-шараны Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен қалалық Білім басқармасы бірлесе ұйымдастырды», - деді Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басқарма басшысының орынбасары Айсұлу Жалғасова.

Интерактивті ойын «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында әзірленген. Ондағы тапсырмалар балаға әртүрлі ақпаратты түсінікті әрі жеңіл етіп жеткізеді. Оқушылар қаржы пирамидалары, дроппер, дропперлік, алаяқтық, ақша аударымдары секілді терминдермен танысады. Шынайы өмірге негізделген тапсырмалар арқылы қатысушылар алаяқтардың шырмауына түспеуді үйреніп, әлеуметтік желідегі қауіпсіздік талаптарынан хабардар болады.

«Qarzhy Saqshysy» компьютерлік ойыны маған қатты ұнады. Ойындағы әртүрлі локация мен орындар – өте қызықты. Ойын тіпті көшеде кетіп бара жатқанда да сақ болу керектігін үйретті. Ойымызды сергітіп қана қоймай, алаяқтардан сақтану жолдарын білдік. Бұл ойынды ойнауға кеңес беремін», - деді 11-сынып оқушысы Әліби Қайырбек.

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137