RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Қоғам

Елордада тәртіп сақшылары туристік алаяқтық дерегін әшкереледі

✍️ Әбуғали Ордабай📅 26 Наурыз 2026👁 122 қаралым
Елордада тәртіп сақшылары туристік алаяқтық дерегін әшкереледі

Елордада тәртіп сақшылары туристік алаяқтық дерегін әшкереледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада Сарыарқа ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде азаматтарды шетелге арзан тур рәсімдеп беремін деп алдаған 32 жастағы күдікті ұсталды.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті бастапқы кезеңде таныстарын бір-екі рет шетелге шынайы түрде жіберіп, олардың сеніміне әдейі кірген. Кейін өзін делдал ретінде таныстырып, Түркияға тур пакеттерін рәсімдеп беруді ұсынған. Алайда жәбірленушілерден алдын ала төлем алған соң, байланысын үзіп отырған.

Қазіргі уақытта оның екі алаяқтық дерегіне қатыстылығы анықталды. Жәбірленушілердің біріне келтірілген материалдық шығын көлемі 5 млн 700 мың теңгені құрайды. Тергеу барысында күдікті өз кінәсін толық мойындап, алынған қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын жеткізді.

Полиция азаматтарға туристік қызметтерді тек ресми тіркелген агенттіктер арқылы рәсімдеуді қатаң түрде ұсынады. Сондай-ақ белгісіз делдалдардың уәдесіне сенбеу, турфирманың лицензиясын, нақты мекенжайын және ресми байланыс нөмірлерін мұқият тексеру – мұндай алаяқтық әрекеттердің алдын алудың тиімді жолы екенін ескертеді.

Ақпарат көзі Polisia.kz

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137