RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Қоғам

Енді алаяқтар «1414» нөмірінен азаматтарға SMS жібере алмайды – Бас прокуратура

✍️ Кербез Әлішер📅 23 Қаңтар 2026👁 1,303 қаралым
Енді алаяқтар «1414» нөмірінен азаматтарға SMS жібере алмайды – Бас прокуратура

Енді «1414» нөмірінен SMS жібергісі келетін мемлекеттік органдардың өкілі өзінің жеке басын FaceID, электрондық цифрлық қолтаңба, QR-код арқылы растау қажет. Бұл қызметтерге қосылмаған жүйелер «1414» нөмірінен хат жібере алмайды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Алаяқтардың халықты алдау әдістері қиындауда, бірақ негізгі схема өзгеріссіз қалып отыр. Олар алдымен қандай да бір мемлекеттік органдардың, банктердің немесе курьерлік қызметтердің қызметкерлері атынан, келесі қоңырауды ұлттық қауіпсіздік комитетінен хабарласып, артынша телефонға келген код арқылы азаматтардың жеке есеп шотындағы қаржысын алады болмаса олардың атына несие рәсімдеуге тырысады», - деп жазылған ақпаратта.

Бас прокуратура ескертеді:

- мемлекеттік органдар мен банктер ешқашан SMS-тен бір реттік кодтарды, карта деректерін немесе парольдерді сұрамайды;

- ақша аудару үшін «қауіпсіз шоттар» жоқ;

- күдікті қоңыраулар кезінде абай болыңыз, деректеріңізді үшінші тұлғаларға бермеңіз;

- күмән туындаған жағдайда дереу банкке немесе уәкілетті мемлекеттік органдарға хабарласыңыз;

- кибергигиена ережелерін сақтаңыз: тек ресми қосымшалар мен қызметтерді қолданыңыз, сілтемелер мен хабарламаларды тексеріңіз.

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137