RakursInfo
Біз туралыБайланыс

Энергетика министрлігі интеллектуалды технологиялар енгізу үшін энергонысандарға бағалау жүргізді

✍️ Ернұр Қайнар📅 19 Ақпан 2026👁 87 қаралым
Энергетика министрлігі интеллектуалды технологиялар енгізу үшін энергонысандарға бағалау жүргізді

«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде Энергетика министрлігі технологиялық процестерді басқару жүйелерін кезең-кезеңімен жаңғырту және зияткерлік технологияларды енгізу мақсатында энергетика нысандарындағы олардың ағымдағы жай-күйіне бағалау жүргізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Жұмыс барысында қолданыстағы басқару жүйелерінің цифрлық жетілу деңгейі талданды, технологиялық және ақпараттық тәуекелдер анықталды, сондай-ақ жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, оларды одан әрі дамыту бағыттары айқындалды.

Технологиялық параметрлерді зияткерлік мониторингілеу, жабдықтардың істен шығуын болжау, жұмыс режимдерін оңтайландыру және энергиямен жабдықтаудың сенімділігін арттыру үшін жасанды интеллектті (ЖИ) пайдалану мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Диспетчерлік басқару және кибертұрақтылықты қамтамасыз ету жүйелерінде үлкен деректер талдамасы мен машиналық оқыту алгоритмдерін қолдану тәсілдері қаралды.

Алынған нәтижелер басқару жүйелерін жаңғыртудың бірыңғай техникалық талаптарын әзірлеуге және Қазақстан Республикасының энергетика кешенінде зияткерлік шешімдерді ауқымдандыруға негіз болады.

Аталған іс-шараларды іске асыру апаттық жағдайларды азайтуға, энергия нысандарын пайдалану тиімділігін арттыруға және саланың заманауи цифрлық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.

Фото: primeminister.kz

Ақпарат: Elordainfo.kz

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137