RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Саясат

Еңбек демалысы сақталады: Конституцияның жаңа редакциясы жобасына қатысты түсіндірме

✍️ Әбуғали Ордабай📅 23 Ақпан 2026👁 134 қаралым
Еңбек демалысы сақталады: Конституцияның жаңа редакциясы жобасына қатысты түсіндірме

Әлеуметтік желілерде Конституцияның жаңа редакциясы жобасының 27-бабы 4-тармағындағы демалыс құқығына қатысты тұжырымдамада «демалыс» сөзінің алдында «жыл сайынғы» сөзі алынып тасталғаны жөнінде ақпарат таралуда. Жекелеген жарияланымдарда бұл өзгеріс қызметкерлердің құқықтарын шектеуге негіз болады деген пікірлер келтірілген. Осыған байланысты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аталған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын жеткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Конституция құқықтар мен бостандықтардың негізгі қағидаттары мен кепілдіктерін бекітетін, олардың іргелі сипатын айқындайтын жоғары заңдық күші бар акт болып табылады. Құқықтарды іске асырудың нақты мазмұны мен тетіктері салалық заңнамада айқындалады.

27-баптың жобасында демалыс құқығы заңмен кепілдік берілетін әлеуметтік құқық ретінде бекітіледі. Демалыс — осы құқықты жүзеге асыру нысандарының бірі. Оның ұзақтығы, кезеңділігі, берілу тәртібі және өзге де шарттары еңбек заңнамасымен реттеледі.

ҚР Еңбек кодексі жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын тікелей көздейді, оның ең төменгі ұзақтығын, берілу тәртібін, сондай-ақ демалыс бермеуге тыйым салуды белгілейді.

Сонымен қатар, Еңбек кодексінде «демалыс» ұғымы оның әртүрлі түрлерін, атап айтқанда: жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын, әлеуметтік демалыстарды және заңнамада көзделген өзге де демалыс түрлерін қамтиды.

Осыған байланысты жобада ұсынылған редакция заң техникасы тұрғысынан неғұрлым дәл және жинақы болып табылады. Бұл ретте демалыс құқығы мемлекет тарапынан кепілдік берілген құқық ретінде сақталады.

Аталған нормалар қолданыста қалады және Конституцияның жаңа редакциясының жобасына қайшы келмейді.

Конституциялық норманың жаңартылған редакциясы жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының күшін жоюды білдірмейді және еңбек заңнамасының автоматты түрде өзгеруіне әкеп соқпайды.

Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге және негізсіз қорытындыларды таратудан тартынуға шақырамыз.

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137