RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Қоғам

Есірткінің зияны түсіндірілді

✍️ Әбуғали Ордабай📅 7 Ақпан 2026👁 44 қаралым
Есірткінің зияны түсіндірілді

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Астана – есірткісіз қала!» атты профилактикалық іс-шара өтті.

Іс-шара «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында ұйымдастырылып, оның басты мақсаты – жастар арасында есірткі тұтынудың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және студенттердің болашаққа саналы көзқарасын қалыптастыру.

Акция дәстүрлі дәріс форматында емес, студенттермен ашық әрі еркін диалог түрінде жалғасты. Жастар өздерін толғандырған сұрақтарын тікелей мамандар мен спикерлерге қойып, нақты әрі ашық жауап алды. Кездесу барысында өмірлік құндылықтар, жеке жауапкершілік және дұрыс таңдау жасаудың маңыздылығы туралы айтылды.

Іс-шараны Астана қаласы Полиция департаменті ұйымдастырып, оған мәдениет пен киноиндустрия өкілдері, медиа саласының мамандары және денсаулық сақтау саласының қызметкерлері қатысты.

– Мұндай профилактикалық іс-шаралар жастардың өмірлік құндылықтарға саналы көзқарасын қалыптастыруға, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен жастар арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етуде. Жалпы Есірткі қылмысы мен оған тәуелділік – қоғам үшін аса қауіпті құбылыс. Сол себепті біз жастармен, оқушылармен жиі кездесіп, алдын алу бағытындағы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеміз. Мұндай шаралар жастардың қылмысқа бару қаупін төмендетуге көмектеседі. Сонымен қатар, жастар бізге тікелей сұрақтарын қойып, ашық форматта жауап ала алады» дейді Астана қаласы Полиция департаменті Кинология қызметі орталығы бастығының орынбасары Дастан Қойшығарин.

Шапағат ӘБДІР

Ақпарат: Elordainfo.kz

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137