RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Спорт

FIS президенті спортқа қолдау көрсеткені үшін Тоқаевқа алғыс айтты

✍️ Ернұр Қайнар📅 15 Қаңтар 2026👁 1,444 қаралым
FIS президенті спортқа қолдау көрсеткені үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Мемлекет басшысы Халықаралық шаңғы спорты және сноуборд федерациясының (FIS) президенті Йохан Элиашты қабылдады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде Қазақстанның Халықаралық шаңғы спорты федерациясымен ынтымақтастық перспективасы талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде 85 мыңнан аса адам шаңғы спортымен тұрақты түрде шұғылданатынын атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанда тау шаңғысы мен шаңғы жарысы кешендері, халықаралық деңгейдегі мұз ареналары секілді заманауи инфрақұрылымдар бар.

Мемлекет басшысы еліміз жақында Италияда өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына тыңғылықты дайындалып жатқанын жеткізді.

FIS президенті спортқа қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, қазақстандықтар әлемнің байрақты бәсекелерінде лайықты өнер көрсетіп жүргеніне назар аударды.

Сондай-ақ ол Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық реформаларға жоғары баға берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Йохан Элиаш еліміздің Халықаралық шаңғы спорты федерациясымен тәжірибе алмасу, спортшыларды даярлау, бапкерлерді оқыту және төрелік ету бағыттарындағы ықпалдастықты кеңейту мүмкіндіктерін қарастырды.

Айта кетейік, бұған дейін Turkistan газетінде Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың «Реформалардың мәні–5: Ықпалды Парламент» атты жаңа мақаласы жарық көрді.

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137