RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Қала мен сала

«Халық қатысатын бюджет»: елорданың Алматы ауданында абаттандырылған аула салтанатты түрде ашылды

✍️ Әбуғали Ордабай📅 15 Мамыр 2026👁 154 қаралым
«Халық қатысатын бюджет»: елорданың Алматы ауданында абаттандырылған аула салтанатты түрде ашылды

Елорданың Алматы ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жаңартылған «Восток» тұрғын үй кешенінің абаттандырылған ауласы салтанатты түрде ашылды. Тұрғындар үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, оған аниматорлар қатысты және балаларға арнап сыйлықтар таратылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Салтанатты шараға Алматы ауданының әкімі Рүстем Тәуекелов, AMANAT партиясы қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мұхамед Болысбек, сондай-ақ аудан тұрғындары қатысты.

Ашылу рәсімі кезінде аулада музыка ойнап, аниматорлар балалардың көңілін көтерді. Кішкентай қонақтарға естелік сыйлықтар табысталды. Жаңартылған аумақ жақын маңдағы үйлердің тұрғындары мен отбасылар үшін тартымды демалыс орнына айналды.

Абаттандыру жұмысы аясында аула аумағына жаңа балалар ойын кешендері мен шағын сәулеттік нысандар орнатылып, алаңдардың жабындысы мен гүлзарлар жаңартылды. Сонымен қатар футбол алаңы жөнделіп, спорт алаңдары мен автотұрақтар жабдықталды, орындықтар мен қоқыс жәшіктері қойылды.

Жаңартудың негізгі бөлігінің бірі ашық аспан астында спортпен айналысуға арналған заманауи workout-аймақ болды. Аудан әкімдігі жаңа кеңістік барлық жастағы тұрғындардың белсенді демалыс орнына айналады деген үмітте.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы қала тұрғындарына қалалық ортаны дамытуға тікелей атсалысуға, бастамалар ұсынып, қандай жобалар жүзеге асырылуы керектігін анықтауға мүмкіндік береді.

Алматы ауданында бағдарлама аясында іске асырылып жатқан барлық аула жобаларын 1 маусымға дейін аяқтау жоспарланған. Бұл тұрғындарға жаз мезгілінде жаңартылған қоғамдық кеңістіктерді толық пайдалануға мүмкіндік береді.

Әкімдік өкілдері аула аумақтарын абаттандыру қала инфрақұрылымын дамытудың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Өйткені мұндай аумақтар күн сайын тұрғындардың демалыс, қарым-қатынас және бос уақытын белсенді өткізетін орынға айналады.

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137