RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Қоғам

ІІМ: Қылмыстық топтың заңсыз әрекеттері тоқтатылды

✍️ Әбуғали Ордабай📅 3 Ақпан 2026👁 115 қаралым
ІІМ: Қылмыстық топтың заңсыз әрекеттері тоқтатылды

Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Астана және Алматы қалаларында бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасаған қылмыстық қауымдастық мүшелерін ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдіктілерге адам ұрлау, бопсалау және бөтеннің мүлкін қасақана жою фактілері бойынша айып тағылып отыр.

Алматы қаласындағы эпизодтардың бірінде қаскөйлер жергілікті тұрғынды ұрлап, күш қолданып, одан 12 млн теңге талап еткен.

Бизнес өкілдеріне қысым көрсету, сондай-ақ оларды қорқыту мақсатында автокөліктерді өртеу фактілері тіркелді.

20-дан астам тінту жүргізіліп, ірі көлемдегі ақша, суық қару және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Алты күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.

Ақпарат көзі: Polisia.kz

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137