RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Қала мен сала

Көктайғақта құласаңыз қайда қаралуға болады?

✍️ Әбуғали Ордабай📅 6 Ақпан 2026👁 15 қаралым
Көктайғақта құласаңыз қайда қаралуға болады?

Елордада көктайғаққа байланысты травматологиялық пунктердің жұмысы күшейтілді. Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қаладағы барлық травмпункт, сондай-ақ емханалар жанындағы шұғыл медициналық көмек бөлімшелері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Ауа райының қолайсыз кезеңінде қала тұрғындарын барынша сақ болуға шақырамыз. Тайғанамайтын табаны бар, мүмкіндігінше өкшесіз аяқ киім кию маңызды. Бұл жарақат алу қаупін азайтады. Әсіресе балалар мен егде жастағы тұрғындар үйден шықпағаны жөн», – дейді мамандар.

Жарақат алған жағдайда медициналық көмек көрсету пунктеріне дереу жүгіну қажет.

Басқармада атап өткендей, қаладағы барлық травматологиялық пункт тәулік бойы жұмыс істейді. 103 жедел жәрдем қызметі штаттық режимде қызметін жалғастыруда. «Қаладағы медициналық ұйымдарда пациенттер мен жедел жәрдем көліктерінің қауіпсіз әрі кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін көктайғақтың алдын алу шаралары ұйымдастырылған», – деп хабарлады ұйым өкілдері.

Ересек тұрғындар үшін травматологиялық пунктер мына мекенжайларда орналасқан:

• Р.Қошқарбаев даңғылы, 66 (№1 көпбейінді қалалық аурухана);

• Ә.Молдағұлова көшесі, 26Б (№3 көпбейінді қалалық аурухана);

• Абылай хан даңғылы, 15а (Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы).

Балаларға арналған травматологиялық пунктер мына мекенжайларда жұмыс істейді:

• Р.Қошқарбаев даңғылы, 64 (№2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы);

• Желтоқсан көшесі, 34 (№2 қалалық емхана).

Ақпарат: astana-akshamy.kz

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137