RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Қоғам

Колледж оқытушылары ЖИ қолдану бойынша оқудан өтті

✍️ Әбуғали Ордабай📅 23 Ақпан 2026👁 97 қаралым
Колледж оқытушылары ЖИ қолдану бойынша оқудан өтті

Астанада техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне жасанды интеллект негіздерін енгізуге бағытталған білім беру бағдарламасы аяқталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Talap» және «SF» компаниясының бастамасымен жүзеге асырылған жоба өңірлік деңгейде колледждер жұмысына AI-ды жүйелі түрде интеграциялауға бағытталған алғашқы кешенді бастамалардың бірі болды.

Бағдарлама біліктілікті арттырудың тегін курсы форматында басталды. Оған елорда, сондай-ақ Ақмола және Қарағанды облыстары колледждерінің оқытушылары қатысты. Оқу үдерісі практикалық бағытта ұйымдастырылды: педагогтер жасанды интеллект мүмкіндіктерін меңгеріп қана қоймай, білім беру ортасы мен бизнес міндеттеріне арналған өз шешімдерін әзірледі.

Бағдарлама аясында цифрлық құзыреттерді дамытуға, оқу үдерістерін автоматтандыруға, интерактивті материалдар әзірлеуге және студенттерді қазіргі еңбек нарығы талаптарына бейімдеуде AI мүмкіндіктерін қолдануға ерекше назар аударылды.

Оқу қорытындысы бойынша 42 қатысушы жасанды интеллектіні пайдалана отырып білім беру және кәсіпкерлік салаларындағы жобаларын сәтті қорғап, «Talap» сертификаттарына ие болды.

Бағдарламаның қорытынды кезеңі стартап-питчинг форматында өтті. Оның барысында үздік үш жоба анықталып, авторлары филантроп әрі кәсіпкер Дмитрий Инютиннің арнайы шағын гранттарына ие болды.

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137