RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Қоғам

Маңғыстау облысындағы ішімдіктен бас тартқан ауылда 5 жыл бойы қылмыс тіркелмеген

✍️ Әбуғали Ордабай📅 4 Ақпан 2026👁 69 қаралым
Маңғыстау облысындағы ішімдіктен бас тартқан ауылда 5 жыл бойы қылмыс тіркелмеген

Маңғыстау облысындағы ішімдіктен бас тартқан ауылда 5 жыл бойы қылмыс тіркелмеген, – деп хабарлайды Polisia.kz. Маңғыстау облысында қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған игі бастамалар жалғасуда. Бұл жолы Бекі ауылында кәсіпкерлер алкоголь өнімдерін сатудан толықтай бас тартты. Аталған бастамаға ауыл тұрғындары бірауыздан қолдау білдіріп, нәтижесінде аудан әкімдігі, прокуратура, полиция бөлімі және кәсіпкерлер арасында төртжақты келісімге қол қойылды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бұл шешім нақты әлеуметтік нәтижесін беріп отыр. Соңғы бес жыл ішінде Бекі ауылында бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Ауылда қоғамдық тәртіп сақталып, тұрмыстық жанжалдар мен құқық бұзушылықтар айтарлықтай азайған. Ауыл тұрғындарының айтуынша, бұл — ортақ жауапкершілік пен саналы таңдау нәтижесі. Кәсіпкерлер де өз кезегінде қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздігі кез келген экономикалық пайдадан жоғары екенін көрсетті. Төртжақты келісім мемлекет, құқық қорғау органдары, бизнес және жергілікті қоғамдастық арасындағы өзара тиімді әріптестіктің жарқын үлгісіне айналды. Мұндай тәжірибе құқық бұзушылықтың алдын алудағы профилактикалық шаралардың маңызын тағы бір мәрте дәлелдеді. Маңғыстау облысында Бекі ауылының үлгісі өңірдегі өзге елді мекендер үшін де оң тәжірибе ретінде қарастырылуда. Заң мен тәртіп — қоғамның бірлігі мен жауапкершілігінен басталады.

Ақпарат көзі: Polisia.kz

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137