RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Саясат

Мәжіліс депутаттары референдумға дайындық жайын талқылады

✍️ Әбуғали Ордабай📅 23 Ақпан 2026👁 132 қаралым
Мәжіліс депутаттары референдумға дайындық жайын талқылады

Мәжілісте Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы Қажеттіліктерді бағалау миссиясының делегациясымен кездесу өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кездесуге Қазақстан тарапынан Мәжіліс депутаттары Снежанна Имашева, Магеррам Магеррамов, Марат Башимов және Айдарбек Қожаназаров қатысты. ЕҚЫҰ ДИАҚБ делегациясының құрамында Сайлау департаменті директорының орынбасары Ульви Ахундлу және Сайлау жөніндегі кеңесші Елена Ковалева болды. Олар Қазақстанға республикалық референдум қарсаңындағы қоғамдық-саяси ахуалды зерделеп, дайындық барысын бағалау үшін келіп отыр.

Депутаттар жаңа Конституция жобасы халықаралық құқық стандарттарын негізге ала отырып әзірленгенін атап өтті. Құжатты даярлауға Парламентке өз ұсыныстарын жолдаған қоғам өкілдері мен сарапшылар қауымдастығының мүшелері атсалысты. Сондай-ақ Ата заң жобасын пысықтау кезінде Конституциялық сотпен өзара байланыс орнатылғаны айтылды.

Өз кезегінде Ульви Ахундлу ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттермен ынтымақтастық аясында ДИАҚБ тарапынан тиісті сараптамалық қолдау көрсетілетінін жеткізді. Ол Конституция қабылданған жағдайда қорытынды ұсынуға дайын екенін білдіріп, алдағы уақытта Парламентте әзірленетін өзге де конституциялық және заңнамалық актілер бойынша сараптама әзірлеуге қызығушылық танытты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ашық диалог пен ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екендерін білдірді.

Ақпарат: astana-akshamy.kz

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137