RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Қоғам

Мектеп оқушылары Ұлттық ұланның авиациялық базасының тыныс-тіршілігімен танысты

✍️ Әбуғали Ордабай📅 6 Ақпан 2026👁 131 қаралым
Мектеп оқушылары Ұлттық ұланның авиациялық базасының тыныс-тіршілігімен танысты

Болашақ Отан қорғаушылар Ұлттық ұланның авиациялық базасының тыныс-тіршілігімен танысты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 3656 әскери бөліміне дарынды ұлдарға арналған "Білім Инновация" лицей-интернатының оқушылары арнайы экскурсиямен барды. Танымдық сапар барысында жасөспірімдер авиациялық базаның қызметімен танысып, ел әуе кеңістігін қорғаудағы бөлімнің маңызды рөлі туралы мағлұмат алды.

Іс-шара аясында оқушылар әскери бөлімнің күнделікті тыныс-тіршілігін көзбен көріп, авиациялық базадағы әуе техникасын жақыннан тамашалады. Жас қонақтар ұшақтар мен тікұшақтарды көріп, әуе кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әскери қызметшілердің қызметіне куә болды.

Экскурсияны 3656 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі бөлімше бастығы Данияр Тоқтаров жүргізді. Ол жастармен әңгімелесу барысында әскери қызметке қызығушылықтың қалыптасуы осындай әсерлі кездесулерден басталатынын атап өтті.

- Әскери қызметке қызығушылық бір күнде пайда болмайды. Ол дәл осындай кездесулерден, көзбен көріп, жүрекпен сезінген сәттерден басталады, -деді Данияр Тоқтаров.

Сонымен қатар оқушыларға Ұлттық ұлан академиясына оқуға түсу тәртібі түсіндіріліп, кәсіби бағдар берілді. Жиын барысында Отан қорғаушы болудың мәні мен оған жүктелер жауапкершілік жайында кеңінен айтылды.

Айта кетейік, мұндай танымдық кездесулер жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастырып, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген әскери қызметшілерге деген құрметін арттыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі Polisia.kz

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137