RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Мәдениет

Музейде Димаш Құдайбергеннің 70 музыкалық аспабы көпшілікке ұсынылды

✍️ Жәнібек Амангелді📅 19 Ақпан 2026👁 106 қаралым
Музейде Димаш Құдайбергеннің 70 музыкалық аспабы көпшілікке ұсынылды

Алматыдағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде Халық әртісі, әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің жеке коллекциясынан құралған «Димаш: бір дауыс – мың ел» атты көрме ашылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Алматы қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.

Экспозицияға Димаштың жеке қорынан 70 музыкалық аспап қойылған. Олардың қатарында әлемнің түкпір-түкпірінен жанкүйерлері тарту еткен аспаптар бар. Сонымен қатар көрмеде сахналық костюмдері де ұсынылды. Әсіресе Майкл Джексоннің жеке стилисі Гоко Залди Димашқа арнайы әзірлеген сахналық киімі көрермендердің қызығушылығын тудырды.

Димаш Құдайберген музей қорына өзінің жеке екі домбырасын табыстады. Оның бірі – атасы сыйға тартқан бала кезінен серік еткен домбырасы болса, екіншісінде әншінің өз қолтаңбасы бар аспап.

Алматы қаласы музейлер бірлестігінің директоры Ләззат Құдайбергенқызы музей ұжымының атынан өнер иесіне Абай Құнанбайұлының домбырасының дәл көшірмесін сыйға тартты.

Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Ақпарат: Elordainfo.kz

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137