RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Қоғам

Наурыз мейрамы қарсаңында пойыздарда 35 мың қосымша орын ұсынылады

✍️ Жібек Наурыз📅 13 Ақпан 2026👁 70 қаралым
Наурыз мейрамы қарсаңында пойыздарда 35 мың қосымша орын ұсынылады

Наурыз мейрамы кезеңінде жолаушылар ағынының артуына байланысты пойыздардағы орын саны артады, деп хабарлады Elordainfo.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 20 рейске үш қосымша пойыз тағайындайды, сондай-ақ сұранысы жоғары бағыттарда қатынайтын қолданыстағы пойыздар құрамына қосымша 230-ға жуық тіркеме вагон енгізеді. Нәтижесінде жолаушыларға 35 мың қосымша орын ұсынылады. Қабылданған шаралар мереке күндерінде билет қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Қосымша пойыздар қозғалысы

№201/202 «Алматы-2 – Астана-1»

Алматы-2 станциясынан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурыз;

Астана-1 станциясынан: 21, 23, 25, 27, 29, 31 наурыз.

Барлығы — 6 рейс.

№204/203 «Астана Нұрлы жол – Шымкент»

Нұрлы жол станциясынан: 19, 20, 22, 23, 25, 26, 28, 29 наурыз;

Шымкент станциясынан: 21, 22, 24, 25, 27, 28, 30, 31 наурыз.

Барлығы — 8 рейс.

№205/206 «Ақтөбе – Астана Нұрлы жол»

Ақтөбе станциясынан: 19, 21, 23, 25, 27, 29 наурыз;

Нұрлы жол станциясынан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурыз.

Барлығы — 6 рейс.

Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан және теміржол вокзалдарының кассаларынан сатып алуға болады.

Анықтамалық ақпарат 1433 тегін нөмірі, сондай-ақ Instagram желісіндегі @jolaushylar_tasymaly ресми парақшасы арқылы ұсынылады.

Фото: ҚР Көлік министрлігі

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137