RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Мәдениет

Прагада ашылған көрмеде қазақ бейнелеу өнері көрсетілді

✍️ Әбуғали Ордабай📅 10 Ақпан 2026👁 129 қаралым
Прагада ашылған көрмеде қазақ бейнелеу өнері көрсетілді

Прагадағы Ұлттық азшылықтар үйінің галереясында чех және еуропалық мәдени қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен «Сырлы Шығыс» көрмесінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Экспозицияға Чехияға кеңінен танымал жерлесіміз, медицина ғылымдарының докторы, Чехияның Адам құқықтары және ұлттық азшылықтар істері жөніндегі бұрынғы министрі Жәмилә Стехликованың кескіндемелік туындылары мен оның әкесі – белгілі қазақстандық сәулетші әрі материалдық мәдениет зерттеушісі Алмас Ордабаевтың фотосуреттері қойылды.

Ж.Стехликова өз шығармаларында туған өлкесі мен Орталық Азия көріністерін арқау етіп, кең байтақ дала мен тау көріністерін және сәулет ескерткіштерін шебер бейнелеген. А.Ордабаевтың фотосуреттері болса, экспозиция мазмұнын байытып, өткен ғасырдағы қазақ халқының дәстүрлі тұрмыс-салты мен өмірінен сыр шертті.

Қазақстанның Чехиядағы Елшісі Қайрат Әбдірахманов суретшіні көрменің ашылуымен құттықтап, Чехияда қазақ мәдениетін дәріптеуге қосқан қомақты үлесі үшін алғыс білдірді. Ол мұндай бастамалардың екі ел арасындағы, сондай-ақ ежелгі Жібек жолы бойындағы Орталық Азиямен көпжақты байланыстарды дамытудағы маңызы зор екенін атап өтті.

«Сырлы Шығыс» көрмесі 2026 жылдың 20 ақпанына дейін келушілерге есігі ашық болады.

Ақпарат: astana-akshamy.kz

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137