RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Қоғам

“Қандай тәрбие беріп жатқандығы белгісіз”. Депутат ҰҚК-ге балабақшаларды тексеруді ұсынды

✍️ Әбуғали Ордабай📅 1 Сәуір 2026👁 183 қаралым
“Қандай тәрбие беріп жатқандығы белгісіз”. Депутат ҰҚК-ге балабақшаларды тексеруді ұсынды

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Алмас Наймантаев алдында теріс діни топ өкілдерінің жекеменшік балабақшалар ашуына тосқауыл қою мәселесін көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутаттың айтуынша, экстремисттік мақсаттағы әдебиеттердің таралуына жол бермеу маңызды, бірақ ақпарат тек қана баспасөз және әдебиеттер арқылы емес, білім беру жүйесі арқылы да таралуы мүмкін.

Заң жобасымен мұқият таныстық. Әрине, экстремисттік мақсаттағы әдебиеттерді, әсіресе діни экстремисттік сипаттағы материалдарды таралуына тосқауыл қою мақсатында Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосымша өкілеттіктер беру туралы нормамен толық келісеміз. Бұл мәселені депутаттардың бір тобы біраздан бері көтеріп келе жатырмыз. Дегенмен, ақпарат тек қана ақпарат құралдары арқылы тарамайды, ол білім және тәрбие арқылы да таралады, – деді Абзал Құспан.

Ол сондай-ақ қазіргі таңда еліміздегі мемлекеттік балабақшаларда орын жеткіліксіздігіне байланысты жеке балабақшаларды ашу кеңінен тарағанын атап өтті.

Бұл жағдай еліміздің батыс өңірлерінде көптеген діни топ өкілдері жекеменшік балабақшалар ашып, қандай тәлім-тәрбие беріп жатқандығы белгісіз. Осыған байланысты Ұлттық қауіпсіздік комитетіне білім беру мен тәрбие саласында тексеру құзыретін кеңейту қажет деп есептемейсіз бе? – деді депутат.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Алмас Наймантаев бұл сұраққа жауап берді. Оның айтуынша, ұлттық қауіпсіздік кең ауқымды, ол қоғамдық, саяси, әскери, экономикалық, ақпараттық және экологиялық қауіпсіздікті қамтиды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық шараларды жүргізеді. Бұл шаралар отбасы, балабақша және мектептерді де қамтиды. Комитет өз өкілеттілігі аясында аталған мәселелер бойынша басқа мемлекеттік органдармен үйлестіріп, қажетті шараларды іске асырады, – деді Алмас Наймантаев.

Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Ақпарат: baq.kz

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137