RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Мәдениет

Қатарда Қазақстанның мәдениет күндері өтеді

✍️ Жібек Наурыз📅 3 Ақпан 2026👁 1,232 қаралым
Қатарда Қазақстанның мәдениет күндері өтеді

2026 жылдың 4-7 ақпан аралығында Доха қаласында Қазақстан Республикасының мәдениет күндері өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Аталған мәдени іс-шара Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қатар Мемлекетіне жасаған мемлекеттік сапары барысындағы Мемлекет басшыларының уағдаластықтары аясында өткізіледі. Бағдарлама Қазақстан мен Қатар арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, сондай-ақ ұлттық мәдениетті халықаралық деңгейде кеңінен танытуға бағытталған.

Негізгі іс-шаралар Доха қаласындағы «Дарб Аль-Саги» мәдени-тарихи орталығында өтеді. Бағдарламада гала-концерт, тақырыптық концерттер, көрмелер мен ағартушылық іс-шаралар ұйымдастырылып, Қазақстанның дәстүрлі және заманауи өнері таныстырылады. Атап айтқанда, ұлттық музыка мен хореография, қолданбалы және бейнелеу өнері, сахналық мәдениет элементтері мен ұлттық киім үлгілері ұсынылады.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастыратын мәдениет күндері шеңберінде бірқатар мазмұнды іс-шаралар өткізу жоспарланған.

4 ақпан күні Қазақстан өнер шеберлерінің қатысуымен гала-концерт өтеді. Концертте Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының қазақ халық аспаптары оркестрі мен «Бірлік» би ансамблі өнер көрсетеді. Вокалистер қатарында Қазақстанның халық әртісі Әлішер Кәрімов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Медет Шотабаев, Зарина Алтынбаева және Мария Мудряк, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары Асқар Мұқият, Рухия Байдүкенова, Расул Жармағамбетов, Назым Сағынтай және өзге де белгілі мәдениет қайраткерлері бар.

Концерттік бағдарламада қазақ халқының классикалық музыкалық мұралары, халық күйлері мен әндері, сондай-ақ симфониялық өңдеудегі заманауи шығармалар орындалады.

6 ақпан күні «Joshy» этно-фольклорлық ансамблінің жеке концерті өтеді. Өнер ұжымы халық әндері мен күйлерін дәстүрлі аспаптарда және заманауи өңдеуде орындайды.

Сонымен қатар мәдениет күндері аясында ұлттық дәстүрлер мен спорт түрлерін насихаттауға айрықша мән беріледі.

Іс-шараларға Қазақстанның белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері, шығармашылық ұжымдар, дәстүрлі өнер шеберлері, қолөнершілер мен аспаздар қатысады. Көрермен үшін ұлттық мәдени мұра мен елдің шығармашылық әлеуетін тереңірек танытуға бағытталған таныстырылымдар мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылады.

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137